05.12.2023, 10:38 19611

Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды

Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды
Сурет: gov.kz
2023 жылдың 5 желтоқсаны күні ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі білім басқармасына сілтеме жасай отырып.

Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.


Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны