15.02.2024, 20:31 41396

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Сурет: gov.kz
Астанада ауа райының суытуына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Білім басқармасының хабарламасында.


Айта кетейік, "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда елордада қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны