08.11.2023, 16:39 59586

Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады
Астанада «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2023 жылғы 9 қарашада сағат 14.30-17.00 аралығында «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Отбасы банк» АҚ, «Центр ипотеки Астана» ЖШС, «QazaqZher» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ, шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны