05.01.2024, 17:26 50686

Астанада тұрмыстық ұрыс-керіске қарсы тоғыз мыңнан астам қорғаныс ұйғарымы шығарылды

Барлық учаскелердегі полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және тұрмыстық қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында күнделікті жұмыс жүргізеді. Астана қалалық Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Әйгерім Дәркембаева Комуникация қызметінде өткен брифингте осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау мақсатында 2023 жылы тұрмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін сотта 6595 әкімшілік іс қаралды.

Тұрмыстық тәртіпсіздіктерге қарсы 9090 қорғау ұйғарымы шығарылып, сот құқық бұзушының мінез-құлқына 582 ерекше талап қойды.

Елордалық полиция қызметкерлері құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 4231, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы "Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" бойынша 349 әкімшілік хаттамалар толтырды. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 73-2 бабы бойынша - 1 569 хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша дағдарыс орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Отбасылық агрессия құрбандарын оңалту көмегін көрсететін ұйымдарда уақытша оқшаулау тұрақты негізде жүзеге асырылады.


Полиция қызметкерлері ҮЕҰ психологтарымен бірлесе отырып, зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тұрғылықты жеріне барып, оларға құқықтық көмек пен психологиялық қолдау көрсетеді. Қайталанатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізеді", - дейді Әйгерім Дәркембаева.

Сондай-ақ осы бағытта "Отбасы табысы орталығы" ҚҚ, "Қорғау-Астана" жеке қоры, "Үміт" дағдарыс орталығы және "Қиын өмірлік жағдайдағы адамдар мен отбасыларды қолдаудың интеграциялық орталығы" АҚ өкілдерін тарта отырып, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

Осындай проблемалық отбасылармен жұмыстар әр бейсенбі күндері тұрақты түрде жүргізіледі. ҮЕҰ мамандары, оның ішінде психологтар, медиаторлар және заңгерлер отбасылық мәселелерді жан-жақты зерттейді.

Тұрақты түрде әр сенбі күндері ер психологтарды, мешіт өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, блогерлерді, "Әкелер кеңесі" ҚБ, "Сенімен болашақ" РҚБ өкілдерін тарта отырып агрессорлармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, пилоттық режимде ODARA жүйесін пайдалана отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың халықаралық тәжірибесі енгізілді.

Оның көмегімен ҮЕҰ психологтарын тарта отырып, агрессорлармен жұмыс жүргізіліп, тұрмыстық салада қылмыс жасауға бейім тұлғалар анықталады.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 тамызынан бастап бұл әдіс еліміздің барлық аймағында қолданылуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны