21.05.2024, 17:44 55276

Атырау маңында тереңдігі 10 метр шұңқыр пайда болды

Атырау қаласынан 18 шақырым қашықта тереңдігі 10 метр шұңқыр табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, терең шұңқыр Қызылжар зираты маңынан анықталған.

Шұңқырдың ұзындығы - 20 метр. Тереңдігі - 10 метр. Қазір шұңқырдың айналасына белгі орнатылып, қауіпсіздік іс-шарасы жүргізілді. Шұңқыр анықталған аумақ Атырау қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аумақта „Первомайский" ЖШС-нің шаруашылығы бар. Бірақ қазір шұңқырға жақын маңда төрт түлік мал жоқ", -деді Сейілбек Зұлхашев.


Әзірге терең ойықтың неден болғаны туралы дерек айтылмады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны