16.11.2021, 19:33 71249

Қазақстан халқының 41%-дан астамы COVID-19-ға қарсы вакцинасының екі компонентімен егілген

Қазақстан халқының 41%-дан астамы COVID-19-ға қарсы вакцинасының екі компонентімен егілген
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласының ІСБ
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚАРАША - Қазақстан Республикасы халқының 41,5%-ы Сovid-19-ға қарсы вакцинасының екі компонентімен егілді, бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

1-компонентпен 8,5 млн астам адам егілді, тиісті ересек халықты қамту 75,1%-ды немесе жалпы халық санының 45,3%-ын құрады, 2-компонентпен 7,8 млн жуық адам егілді, тиісті халықтың 68,8%-ын немесе халық санының 41,5%-ын қамтыды", — деп хабарлады А. Цой.

 
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілетін 207 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан халықты КВИ-ға қарсы екі дозамен вакциналау бойынша 104-орында және халық санының 41,5%-дан астамы егілді.
 
Министр Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келгенін айтты.
 

Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған", — деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.

 
Вакциналау республиканың 7 өңірінде басталды, олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары.
 

222 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101-орында", — деді А. Цой.

 
Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,8 есеге, ал өлім-жітім 2,4 есеге төмендеді. Республика бойынша биыл 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жүктелу деңгейі 56%-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді.
 

Ем алушылар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 2,6 есеге (90 767-ден 34 068-ге дейін науқас) азайды", - деп толықтырды ҚР ДСМ басшысы.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны