07.10.2021, 17:43 21088

Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцинация паспорттарын жарамды деп таныды

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАЗАН - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер 6 қазандағы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", - делінген құжатта.

 
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны