12.05.2021, 21:44 12059

Қазақстанда 12 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - 2021 жылғы 11 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 348 308 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 811 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 348 308. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 310; 
 
Алматы қаласында – 391; 
 
Шымкент қаласында – 69; 
 
Ақмола облысында – 92; 
 
Ақтөбе облысында – 50; 
 
Алматы облысында – 162; 
 
Атырау облысында – 70; 
 
ШҚО-да – 91; 
 
Жамбыл облысында – 36; 
 
БҚО-да – 94; 
 
Қарағанды облысында – 200; 
 
Қостанай облысында – 25; 
 
Қызылорда облысында – 28; 
 
Маңғыстау облысында – 41; 
 
Павлодар облысында – 111; 
 
СҚО-да - 15; 
 
Түркістан облысында - 26.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 816 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 304 673, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 40 056 адам (39 671 КВИ+ және 385 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 495 науқас стационарларда, ал 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 799 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 192 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 122 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 964 өлім жағдайы тіркелген. 10 мамырда КВИ-ден 16 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 10 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 584, 842 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 357 жетті. 
 
2021 жылдың 12 мамырға Қазақстанда 1 727 011 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 12 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны