14.06.2021, 22:02 8092

Қазақстанда 14 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - 2021 жылғы 13 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 402 239 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 967 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 215; 
 
Алматы қаласында – 96; 
 
Шымкент қаласында – 42; 
 
Ақмола облысында – 43; 
 
Ақтөбе облысында – 12; 
 
Алматы облысында – 29; 
 
Атырау облысында – 43; 
 
ШҚО-да – 72; 
 
Жамбыл облысында – 22; 
 
БҚО-да – 51; 
 
Қарағанды облысында – 165; 
 
Қостанай облысында – 33; 
 
Қызылорда облысында – 25; 
 
Маңғыстау облысында – 34; 
 
Павлодар облысында – 50; 
 
СҚО-да – 13; 
 
Түркістан облысында - 22.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 811 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 377 642 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 маусымға КВИ-ден 21 537 адам (20 426 КВИ+ және 1 111 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 7 075 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 14 462 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 512 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 113 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 70 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 13 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 171 өлім жағдайы тіркелген. 12 маусымда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
12 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді, 24 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 213, өлім – 959, сауыққандар – 51 687. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 14 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Акмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 14 маусымға I компонентпен 2 506 157 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 384 029 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны