15.06.2021, 17:22 7160
Қазақстанда 15 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Достарға айту
Қазақстанда өткен тәулікте 757 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 181;
Алматы қаласында – 65;
Шымкент қаласында – 4;
Ақмола облысында – 36;
Ақтөбе облысында – 6;
Алматы облысында – 30;
Атырау облысында – 27;
ШҚО–да – 67;
Жамбыл облысында – 22;
БҚО–да – 33;
Қарағанды облысында – 161;
Қостанай облысында – 33;
Қызылорда облысында – 15;
Маңғыстау облысында – 7;
Павлодар облысында - 47;
СҚО-да - 5;
Түркістан облысында - 18.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 065 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 378 707 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
15 маусымға КВИ-ден 21 204 адам (20 109 КВИ+ және 1 095 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 6 655 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 14 549 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 458 пациент,
- аса ауыр халде – 110 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 69 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 180 өлім жағдайы тіркелген. 13 маусымда КВИ-ден 9 адам қайтыс болды.
13 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, 18 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 216, өлім – 962, сауыққандар – 51 705.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 15 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Акмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО.
Қазақстанда 2021 жылғы 15 маусымға I компонентпен 2 547 363 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 435 334 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 17:20 4226
KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі KazAID агенттігіне бес жыл толды. Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ресми даму көмегi саласындағы ұлттық оператор ретінде құрылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы ұйым болып табылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы кезең ішінде KazAID Қазақстанның жаһандық дамуға қосқан нақты үлесін іске асыратын тиімді құралға айналып, елдің халықаралық көмекті алушы мемлекеттен табысты тәжірибесін бөлісетін донор елге айналғанын көрсетті. Бүгінде KazAID цифрландыру, білім беру және медицина салаларында жобаларды жүзеге асырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы мен адами капиталын нығайтуға қолдау көрсетуде.
KazAID Қазақстанның үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, сарапшылар арасындағы білім алмасуды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бес жыл ішінде 34 млн АҚШ долларынан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді, ал ресми даму көмегі жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 183 млн АҚШ долларына жетіп, 40-тан астам елді қамтыды.
KazAID-тің миссиясы - нәтижеге бағытталған техникалық көмек көрсету арқылы серіктес елдерде орнықты және инклюзивті дамуға жәрдемдесу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 15:53 6121
Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ыстанбұлда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы бірлесе ұйымдастырған Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара қала тұрғындарының, қазақ диаспорасы өкілдерінің және Ыстанбұлдың ресми құрылымдарының үлкен қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальдің ашылуына және жұмысына Ыстанбұл қаласының билік өкілдері қатысып, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени алмасуды дамытуға бағытталған бастаманы қолдады. Олардың қатысуы екі бауырлас елдің гуманитарлық ынтымақтастығының маңыздылығын айқындап, бұл іс-шараның қаланың қоғамдық-мәдени күн тәртібіндегі өзектілігін арттырды.
Бағдарлама аясында көрермендерге отандық кинематографияның төрт маңызды туындысы ұсынылды: тарихи драма "Қажымұқан", классикалық шығарманың экранизациясы "Менің атым Қожа", биографиялық фильм "Әміре", сондай-ақ ауқымды тарихи бағыттағы "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмі. Қазақ тіліндегі фильмдердің субтитрмен көрсетілуі түрік көрермендеріне Қазақстанның мәдениеті мен тарихи сюжеттерімен тереңірек танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Көрермендер ұсынылған туындылардың жоғары көркемдік деңгейін және ұлттық құндылықтарды, тарих пен Қазақстанның мәдени байлығын көрсететін терең мазмұнын ерекше атап өтті. Фестиваль қазақ киносының мәдени дипломатия құралы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын, Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосатынын дәлелдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2025, 11:53 32216
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Түзелу жолы" гайд-турын ұйымдастырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында есепте тұрған адамдар үшін "Түзелу жолы" деп аталатын шынайы әрі қажет гайд-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Іс-шара ШҚО ҚАЖД №17 мекемесінің базасында өтті, онда пробациялық және профилактикалық есепте тұрған азаматтар темір тордың ар жағындағы өмірмен өз көздерімен танысты.
Гайд-турдың басты мақсаты - есептегі азаматтарға заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және өмірлік бағыт-бағдарын түбегейлі өзгертуге көмектесу.
Тур барысында қатысушылар заң бұзғандардың қандай салдарға тап болатынын және қандай қатал жағдайларда өмір сүретінін өз көздерімен көрді. Бұл олардың қателіктің құны қандай екенін түсінуге мүмкіндік берген көрнекі сабақ болды.
Гайд-тур кезінде прокурорлар ең маңызды жайттарға назар аударды:
- Құқықбұзушылықтың алдын алу: Заңды қайталап бұзудың оқшаулауға әкелу себептері.
- Жазаның бұлтартпастығы: Заңсыз әрекеттердің болашаққа және өмірлік мақсаттардың жүзеге асуына қалай қауіп төндіретіні.
Сонымен қатар, олардың санасында оң өмірлік құндылықтарды, заңға құрметпен қарауды және конструктивті жолды таңдауды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 22:24 7886
Домбыра мен саксофонның гармониясы: Брюссельде шырқалған ерекше музыкалық диалог
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бельгия астанасында Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі Алматы облысы әкімдігінің "Алатау әуендері" концерт ұйымының қолдауымен ұйымдастырған ерекше концерт өтті. Іс-шара композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуына арналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерт Шығыс пен Батысты тоғыстырған мәдени көпірге айналып, Бельгия Парламентінің депутаттарын, еуропалық институттардың өкілдерін, дипломаттарды, мәдениет қайраткерлерін және қазақ диаспорасын бір арнаға жинады. Алғашқы минуттардан-ақ қонақтар музыкалық диалог атмосферасына енді: Бельгияда пайда болған саксофон қазақ музыкалық дәстүрінің символы - домбырамен үндесті. Екі аспаптың үйлесімі елдер арасындағы достық пен көпжылдық серіктестіктің жарқын көрінісіне айналды.
Музыка шекара танымайды. Бұл концерт - мәдени диалогтың байланыстарымызды нығайтып, серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашатынының айқын дәлелі", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко.
Концерт бағдарламасына Нұрғиса Тілендиевтің түпнұсқа және заманауи аранжировкалардағы шығармалары, сондай-ақ Брюссель концертiне арнайы әзірленген жаңа интерпретациялар енді. Орындаушылар саксофон, домбыра, прима-қобыз және басқа да аспаптарды шебер үйлестіріп, кәсіби аудиторияның жоғары бағасына ие болған ерекше музыкалық палитра жасады.
Концерт Н.Тілендиев мұрасына құрмет қана емес, сонымен қатар Еуропадағы Қазақстанның мәдени дипломатиясын дамытудағы маңызды кезең болды. Шарадан кейін қатысушылар жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылап, мұндай бастамалар гуманитарлық байланыстарды нығайтып, шығармашылық алмасуды жандандыратынын және халықтар достығының дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 16:44 38851
Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайдыШығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Ерекше назар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылуда. Өйткені олар жеткіліксіз хабардар болуына немесе "әдемі өмірдің" арбауына түсу қаупіне байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тартылып кетуі мүмкін.
Әңгіме алаяқтық, дропперлік, есірткі қалдыру, сондай-ақ буллинг пен лудомания сияқты қылмыстар туралы болып отыр. Осыған байланысты кезекті іс-шара, ашық диалог форматында 3 университет пен 20 колледждің студенттерімен өткізілді. Кездесу "галстуксыз" ашық диалог форматында қызу өтті.
Диалогтың негізгі ұрандары: "Заң мен тәртіп әр адамнан басталады", "Құқықтық тәртіп - дамыған қоғамның кепілі", "Жастар - Қазақстанның болашақтың заңды мұрагерлері".
Студенттер мен олардың кураторлары прокурорларға, Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығына, қала әкімінің орынбасарына түрлі тақырыптарда белсенді түрде сұрақтар қойды.
Аудиторияны негізінен интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқылмыстар, өзге тұлғаларға ИП ашу тәуекелдері, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға беру мәселелері қызықтырды.
Жеке деректердің таралуы, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, облыс орталығы көшелерінің абаттандырылуы мен жарықтандырылуы сияқты сұрақтар да көтерілді.
Барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, анонимді форматта блиц-сауалнама жүргізіліп, студенттер қағаз жүзінде және QR код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады.
Студенттерді прокуратурада жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдылар, медициналық қызмет сапасын арттыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Жекелеген сұрақтар мен ұсыныстар сол жерде талқыланып, пікірлер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша әрбір білім беру мекемесінде студенттік "Заң. Тәртіп. Болашақ" қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл қозғалыс студенттер қауымдастығының құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысуға бағытталған. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 15:16 8221
Ослода Қазақстан киносы күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025 жылғы 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясымен бірлесіп, Осло қаласында "Қазақ киносының күндерін" ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама аясында отандық фильмдер - "Жаужүрек мың бала", "Ана туралы аңыз" және "Районы" көрсетілді.
Көрсетілімдер Норвегия астанасының орталығында орналасқан белгілі мәдени орталықтардың бірі - Cinemateket (Norsk Filminstitutt) кинотеатрында өтті.
Кинокөрсетілімдердің тұжырымдамасы Қазақстан тарихын әр түрлі кезеңдерде - мемлекеттік қалыптасу дәуірінен бастап қазіргі әлеуметтік шындықтарға дейін - көрсету идеясына негізделді.
Көрсетілімдерге Норвегияның ресми, іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, сондай-ақ студенттер, дипломатиялық миссия қызметкерлері және қазақ диаспорасы қатысты.
Іс-шара жергілікті көрермендердің Қазақстан тарихына, оның мәдени дәстүрлері мен қазіргі қоғамына деген шынайы қызығушылығын тудырып, екі ел арасындағы диалогты дамытудағы мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.
Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Норвегия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды шаралардың бірі болып, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына серпін берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 11:52 5166
Қазақстанда зейнетақы қаражатын пластикалық ота жасауға пайдалану жойылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмологияға БЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастады. Ол реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары. Бұл бағытқа әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туа біткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артты, деп хабарлайды hcsbk.kz.
Отбасы банк мұндай өтінімдердің саны бойынша күрт өсімді байқaды. Бұрын банкке пластикалық оталарға БЗҚ қаражатын пайдалану туралы азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түсетін. Алайда қыркүйекте стоматология бойынша өтінім қабылдау тоқтаған кезде олардың саны 123-ке дейін өсті, қазанда - 1 844-ке, ал қарашада - 3 878 өтінішке жетті.
Желтоқсанның алғашқы 8 күнінде, офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтағаннан кейін, пластикалық оталарға БЗҚ пайдалану бойынша 2 093 өтініш түсті. Бұл - бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп.
Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жетті.
- Азаматтардың зейнетақы қаражатының мақсатты пайдаланылуын қадағалау - Отбасы банкінің міндеті. Пластикалық оталарға деген қызығушылықтың күрт артқанын байқаған кезде, біз бұл жағдайдан БЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін көрдік. Сондықтан осы бағыт бойынша өтінім қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық.
Отбасы банк әрқашан ашық жұмыс істейді және клиенттердің мүддесін бірінші орынға қояды - бұл біздің қағидатты ұстанымымыз әрі әлеуметтік жауапкершілігіміздің көрінісі. БЖЗҚ-дағы қаражат - азаматтардың болашақ зейнетақысы. Иә, қазақстандықтар зейнетақы артылған қаражатын белгілі бір мақсаттарға пайдалана алады.
Қазір осы мүмкіндікті желеу етіп, кейбіреулер БЗҚ қаражатын делдалдар арқылы заңсыз жолмен шешіп алып жатыр. Ал шын мәнінде, пайда тауып отырған - сол делдалдар. Отбасы банкі үшін ең маңыздысы - зейнетақы қаражатының нақты мақсатына жұмсалуын қамтамасыз ету және оны заңсыз баю құралына айналдырмау, - деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
БЖЗҚ қаражатын "Операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары" мақсаты бойынша пайдалану үшін өтінім қабылдау enpf-otbasy.kz порталында 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап тоқтатылады.
Қазіргі уақытта пластикалық операцияларға БЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтінім қаралуда. Бұл өтінімдердің барлығы қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңделеді.
Сонымен қатар азаматтарда өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өмірлік маңызды, құны жоғары және әрдайым қолжетімді бола бермейтін ем түрлеріне бағыттау мүмкіндігі сақталады. Мұндай медициналық қызметтерге мыналар жатады:
- сирек (орфандық) ауруларды емдеу;
- радионуклидтік және радиойод терапиясы;
- радиохирургиялық емдеу;
- протондық терапия.
Бұдан бөлек, азаматтар зейнетақы артылған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ Отбасы банктегі депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 21:04 23226
Қазақстан Жасыл климат қорының басшысын Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов "Жасыл климат қорының" (GCF) Атқарушы директоры Мафальда Дуарте GCF Достары тобының кезекті отырысы аясында кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар экология саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ү.ж мамырда М.Дуартенің Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері талқыланды. Сапар аясында GCF басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Саран қаласындағы күн электр станциясына барған болатын.
Қазақ дипломаты Қор басшысына Мемлекет басшысының 2026 жылғы сәуірде Астанада БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен өтетін Аймақтық климаттық саммитке ресми шақыруын табыстады.
М.Дуарте Қазақстанмен экология және климат өзгерісі саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
Тараптар одан әрі ықпалдастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті. Қазақстанның GCF-пен өзара іс-қимыл тәжірибесі құны 216,5 млн АҚШ долларын құрайтын 5 жобаны қамтитынын атап өткен жөн.
Жасыл климат қоры" (GCF) 2010 жылы Канкун келісімдері аясында климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша дамушы елдерді қолдау үшін құрылған. Қор БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (UNFCCC) және Париж келісімінің қаржылық тетігі болып табылады.
2015 жылы алғашқы жобаны қаржыландыру мақұлданған сәттен бастап, GCF бүгінде 100-ден астам жобаны қамтитын ауқымды портфель қалыптастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 13:48Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады 15.12.2025, 09:00 8756Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті15.12.2025, 14:50 5916Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 15:53 5611Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті15.12.2025, 10:03 4766Үкіметте "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134141Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134036Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды10.12.2025, 16:01 131741Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 17:08 131271Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 130876Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
19.11.2025, 16:26 147056Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146701Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145916Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134141Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134036Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

