16.04.2021, 20:12 12671

Қазақстанда 16 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 16 СӘУІР - 2021 жылғы 15 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 281 351 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 656 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 281 351. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 44 229 (+673); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 38 043 (+601); 
 
ШҚО–да – 23 598 (+106); 
 
Атырау облысында – 20 339 (+117); 
 
Қарағанды облысында – 20 104 (+201); 
 
Павлодар облысында – 19709 (+43); 
 
БҚО–да – 16 842 (+112); 
 
Ақмола облысында – 16 571 (+90); 
 
Алматы облысында – 17 813 (+232); 
 
Қостанай облысында – 14307 (+28); 
 
СҚО–да – 13 491 (+42); 
 
Шымкент қаласында – 7934 (+119); 
 
Ақтөбе облысында – 7123 (+120); 
 
Жамбыл облысында – 6957 (+40); 
 
Маңғыстау облысында - 4853 (+35); 
 
Түркістан облысында - 4808 (+22); 
 
Қызылорда облысында - 4630 (++75).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 177 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 241 625, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 36 868 адам (36 393 КВИ+ және 475 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 941 науқас стационарларда, ал 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 616 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 168 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 118 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 333 өлім тіркелді. 14 сәуірде КВИ-ден 27 адам қайтыс болды.
 
Сонымен қатар, 14 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 695, 742 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 478 жетті. 
 
2021 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Қостанай және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны