17.05.2021, 17:50 8088

Қазақстанда 17 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - 2021 жылғы 16 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 360 193 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 089 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 284, 
 
Алматы қаласында – 549, 
 
Шымкент қаласында – 86, 
 
Ақмола облысында - 153, 
 
Ақтөбе облысында – 50, 
 
Алматы облысында – 125, 
 
Атырау облысында – 77, 
 
ШҚО–да – 74, 
 
Жамбыл облысында – 32, 
 
БҚО–да – 97, 
 
Қарағанды облысында – 346, 
 
Қостанай облысында – 32, 
 
Қызылорда облысында – 16, 
 
Маңғыстау облысында – 39, 
 
Павлодар облысында - 87, 
 
СҚО-да - 12, 
 
Түркістан облысында - 30.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 317 741, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 38 888 адам (38 379 КВИ+ және 509 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 295 науқас стационарларда, ал 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 820 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 185 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 106 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 16 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 073 өлім жағдайы тіркелген. 15 мамырда КВИ-ден 19 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 16 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 152, 860 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 783 жетті. 
 
2021 жылдың 17 мамырға Қазақстанда 1 844 938 адам вакцинацияланды. 

Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 17 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

 "Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.

 "Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны