18.05.2021, 19:29 9295

Қазақстанда 18 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - 2021 жылғы 17 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 362 030 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 837 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 251, 
 
Алматы қаласында – 520, 
 
Шымкент қаласында – 30, 
 
Ақмола облысында - 139, 
 
Ақтөбе облысында – 24, 
 
Алматы облысында – 109, 
 
Атырау облысында – 48, 
 
ШҚО–да – 78, 
 
Жамбыл облысында – 25, 
 
БҚО–да – 92, 
 
Қарағанды облысында – 320,
 
Қостанай облысында – 33, 
 
Қызылорда облысында – 35, 
 
Маңғыстау облысында – 13, 
 
Павлодар облысында - 92, 
 
СҚО-да - 11, 
 
Түркістан облысында - 17.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 320 241, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
18 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 38 151 адам (37 694 КВИ+ және 457 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 13 768 науқас стационарларда, ал 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 756 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 192 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 110 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 17 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 095 өлім жағдайы тіркелген. 16 мамырда КВИ-ден 22 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 17 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 50 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 153, 863 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 883 жетті. 
 
2021 жылдың 18 мамырға Қазақстанда 1 871 823 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 17 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. 
 
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны