19.08.2021, 17:25 8838

Қазақстанда 19 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 7 337 жаңа жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 18 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 715 716 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 337 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 824; 
 
Алматы қаласында – 1 570; 
 
Шымкент қаласында – 418; 
 
Ақмола облысында – 286; 
 
Ақтөбе облысында – 401; 
 
Алматы облысында – 423; 
 
Атырау облысында – 450; 
 
ШҚО-да – 227; 
 
Жамбыл облысында – 221; 
 
БҚО–да – 168; 
 
Қарағанды облысында – 977; 
 
Қостанай облысында – 264; 
 
Қызылорда облысында – 232; 
 
Маңғыстау облысында – 216; 
 
Павлодар облысында – 388; 
 
СҚО-да – 166; 
 
Түркістан облысында - 106.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 666 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 591 964 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
19 тамызға КВИ-ден 121 113 адам (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 286 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 90 827 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 856 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 540 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 265 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 18 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 7 988 өлім жағдайы тіркелген. 17 тамыз күні КВИ-ден 121 адам қайтыс болды. 
 
17 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 421 жағдайы тіркелді, 18 адам қайтыс болды және 153 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 66 802, өлім – 4 129, сауыққандар – 57 324. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 18 тамызға I компонентпен 6 229 329 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 867 622 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 19 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны