01.06.2021, 19:23 7126

Қазақстанда 1 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - 2021 жылғы 31 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 387 672 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 123 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 142; 
 
Алматы қаласында – 195; 
 
Шымкент қаласында – 20; 
 
Ақмола облысында – 79; 
 
Ақтөбе облысында – 11; 
 
Алматы облысында – 60; 
 
Атырау облысында – 30; 
 
ШҚО-да – 71; 
 
Жамбыл облысында – 29; 
 
БҚО-да – 56; 
 
Қарағанды облысында – 259; 
 
Қостанай облысында – 40; 
 
Қызылорда облысында – 9; 
 
Маңғыстау облысында – 8; 
 
Павлодар облысында – 60; 
 
СҚО-да – 41; 
 
Түркістан облысында - 13.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 845 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 357 826 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 маусымға КВИ-ден 26 393 адам (25 872 КВИ+ және 521 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 9 984 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 409 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 629 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 148 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 95 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 31 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 974 өлім жағдайы тіркелген. 30 мамырда КВИ-ден 19 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 11 жаңа жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. 
 
2021 жылдың 1 маусымына Қазақстанда 2 131 519 адам вакцинацияланды.
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 1 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Акмола, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны