20.04.2022, 16:01 10451

Қазақстанда 20 сәуірде теледидар мен радио жұмыс істемейді

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанда 20 сәуірде теледидар мен радио жұмыс істемейді
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Қазақстанда телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 20 сәуірде теледидар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылдың 20 сәуір айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ.

 
 "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны