21.06.2021, 15:58 18330

Қазақстанда 21 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 21 МАУСЫМ - 2021 жылғы 20 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялығ жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 409 580 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 930 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:  

Нұр-сұлтан қаласында – 215; 
Алматы қаласында – 115; 
Шымкент қаласында – 59; 
Ақмола облысында – 36; 
Ақтөбе облысында – 19; 
Алматы облысында – 13; 
Атырау облысында – 40; 
ШҚО – 75; 
Жамбыл облысында – 13; 
БҚО – 66; 
Қарағанды облысында – 150; 
Қостанай облысында – 32; 
Қызылорда облысында – 16; 
Маңғыстау облысында – 15; 
Павлодар облысында – 40; 
СҚО – 13; 
Түркістан облысында - 13.

Қазақстанда бір тәулік ішінде 966 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 385 043 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

21 маусымға КВИ-ден 21 504 адам (20 295 КВИ+ және 1 209 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 – стационарларда 6 497 пациент бар; 
– амбулаториялық деңгейде - 15 007 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
- ауыр халде – 442 пациент, 
- аса ауыр халде – 86 пациент, 
- ӨЖЖ аппаратында – 54 пациент бар. 

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 20 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 242 өлім жағдайы тіркелген. 19 маусымда КВИ-ден 8 адам қайтыс болды. 

19 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, 30 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 545, өлім – 970, сауыққандар – 51 912.

Қазақстанда 2021 жылғы 20 маусымға I компонентпен 2 744 212 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 653 443 адам вакцинацияланды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны