22.07.2021, 22:26 11977

Қазақстанда 22 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 21 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 509 998 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 708 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 369; 
 
Алматы қаласында – 993; 
 
Шымкент қаласында – 418; 
 
Ақмола облысында – 186; 
 
Ақтөбе облысында – 192; 
 
Алматы облысында – 178; 
 
Атырау облысында – 386; 
 
ШҚО-да – 107; 
 
Жамбыл облысында – 97; 
 
БҚО-да – 170; 
 
Қарағанды облысында – 698; 
 
Қостанай облысында – 149; 
 
Қызылорда облысында – 139; 
 
Маңғыстау облысында – 207; 
 
Павлодар облысында – 197; 
 
СҚО-да – 99; 
 
Түркістан облысында – 123.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 487 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 439 010 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
22 шілдеге КВИ-ден 67 475 адам (65 808 КВИ+ және 1 667 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 20 526 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 46 949 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 190 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 272 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 168 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 21 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 5 180 өлім жағдайы тіркелген. 20 шілде күні КВИ-ден 64 адам қайтыс болды. 
 
20 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 34 жағдайы тіркелді, 13 адам қайтыс болды және 70 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді: ауру – 58 917, өлім - 3 575, сауыққандар - 53 675. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 21 шілдеге I компонентпен 5 009 408 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 992 214 адам вакцинацияланды
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 21 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны