02.06.2021, 19:33 7196

Қазақстанда 2 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - 2021 жылғы 1 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 388 991 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 319 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 218; 
 
Алматы қаласында – 208;
 
Шымкент қаласында – 46;
 
Ақмола облысында – 77;
 
Ақтөбе облысында – 20; 
 
Алматы облысында – 54;
 
Атырау облысында – 82; 
 
ШҚО-да – 70; 
 
Жамбыл облысында – 23; 
 
БҚО-да – 91; 
 
Қарағанды облысында – 220; 
 
Қостанай облысында – 39; 
 
Қызылорда облысында – 7; 
 
Маңғыстау облысында – 53; 
 
Павлодар облысында – 58; 
 
СҚО-да – 37; 
 
Түркістан облысында - 16.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 617 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 359 443 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 маусымға КВИ-ден 26 137 адам (25 556 КВИ+ және 581 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 9 702 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 435 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 609 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 139 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 84 пациент бар. 
 
31 мамырда Қазақстанда ПТР-тесті оң коронавирустан 18 өлім жағдайы және КВИ белгілері бар пневмониядан 3 өлім жағдайы тіркелді (ПТР-тест теріс).
 
31 мамырда ҚР-да КВИ белгілері (ПТР-тест теріс) бар пневмонияның 123 жағдайы тіркелді.
 
2021 жылдың 2 маусымына Қазақстанда 2 145 688 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 2 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Акмола, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны