02.07.2021, 21:03 14515

Қазақстанда 2 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 2 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 1 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 428 163 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 590 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 764; 
 
Алматыда - 353; 
 
Шымкентте - 103; 
 
Ақмола облысында - 88; 
 
Ақтөбе облысында - 63; 
 
Алматы облысында - 59; 
 
Атырау облысында - 103; 
 
ШҚО-да - 82; 
 
Жамбыл облысында - 32; 
 
БҚО-да - 143; 
 
Қарағанды облысында - 468; 
 
Қостанай облысында - 52; 
 
Қызылорда облысында - 49; 
 
Маңғыстау облысында - 107; 
 
Павлодар облысында - 59; 
 
СҚО-да - 27; 
 
Түркістан облысында - 38.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 430 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 397 826 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 

2 шілдеге КВИ-ден 27 261 адам (25 938 КВИ+ және 1 323 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: стационарларда 8 255 пациент бар; амбулаториялық деңгейде - 19 006 пациент. КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: ауыр халде – 517 пациент, аса ауыр халде – 108 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 72 пациент бар", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 маусымда коронавирустан 24 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап елде КВИ-ден 4 399 өлім тіркелді. 1 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды.
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 2 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 2 шілдеге I компонентпен 3 502 814 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 085 919 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны