30.04.2021, 19:53 16659

Қазақстанда 30 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 30 СӘУІР - 2021 жылғы 29 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 319 818 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 853 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 319 818. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 53 819 (+675); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 45 128 (+566); 
 
ШҚО–да – 24 846 (+101); 
 
Қарағанды облысында – 23 355 (+255); 
 
Атырау облысында – 21 863 (+80); 
 
Алматы облысында – 21 124 (+180); 
 
Павлодар облысында – 20 673 (+146); 
 
БҚО-да – 19 185 (+155); 
 
Ақмола облысында – 18 296 (+150); 
 
Қостанай облысында – 14 709 (+26); 
 
СҚО-да – да – 13 974 (+35); 
 
Шымкент қаласында – 9331 (+105); 
 
Ақтөбе облысында – 9114 (+130); 
 
Жамбыл облысында – 7814 (+77); 
 
Маңғыстау облысында – 5675 (+57); 
 
Түркістан облысында - 5415 (+45); 
 
Қызылорда облысында - 5497 (+70).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 626 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 273 915, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
30 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 207 науқас стационарларда, ал 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 763 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 196 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 112 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 668 өлім тіркелді. 28 сәуірде КВИ-ден 30 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 28 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 844, 794 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 555 жетті. 
 
2021 жылдың 30 сәуіріне Қазақстанда 1 184 124 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны