05.05.2021, 19:02 17153

Қазақстанда 5 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - 2021 жылғы 4 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 332 369 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 298 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 332 369. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 57 171 (+645); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 47 014 (+285); 
 
ШҚО–да – 25 286 (+87); 
 
Қарағанды облысында – 24 541 (+239); 
 
Атырау облысында – 22 238 (+85); 
 
Алматы облысында – 22 158 (+189); 
 
Павлодар облысында – 21 398 (+116); 
 
БҚО-да – 19 809 (+129); 
 
Ақмола облысында – 18 998 (+135); 
 
Қостанай облысында – 14 843 (+26); 
 
СҚО–да – 14 070 (+13); 
 
Шымкент қаласында – 9807 (+80); 
 
Ақтөбе облысында – 9587 (+71); 
 
Жамбыл облысында – 8145 (+65); 
 
Маңғыстау облысында – 5896 (+42); 
 
Қызылорда облысында - 5863 (+69); 
 
Түркістан облысында - 5545 (+22).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 663 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 284 371, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 44 572 адам (44 202 КВИ+ және 370 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 015 науқас стационарларда, ал 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 784 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 196 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 117 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 мамыр аралығында коронавирустан жалпы 3 796 өлім тіркелді. 3 мамырда КВИ-ден 34 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 3 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 122, 817 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 935 жетті. 
 
2021 жылдың 5 мамырға Қазақстанда 1 486 543 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны