13.10.2021, 18:38 82241

Қазақстанда азаматтарды ревакцинациялау тәсілдері әзірленді - Цой

НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАЗАН - Қазақстан халқын қайта вакциналау тәсілі әзірленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
 

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация тәсілін әзірледі. Аталған мәселе елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қаралды", - деп жазды А. Цой өзінің Facebook парақшасында.

 
Министрдің айтуынша, індетке қарсы вакцинаны толық алған адам араға 6-9 ай уақыт салып қайта екпе алуға болады.
 
Сонымен қатар, А.Цой ревакцинация кезінде ескерілуі тиіс жайттарды алға тартты.
 
– Векторлық (Спутник) вакцина алған жандар 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады;
 
- Инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алған жандар векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинацияланады;
 
- м-РНК вакцинасымен (Pfizer) екпе алған жандар 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинацияланады;
 
– Толық вакцина алғаннан кейін КВИ-ге шалдығып сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцина алуына болады. 
 
Сондай-ақ, елімізде ревакцинация мерзімі белгілі болды.
 

Ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинациялауға жататын негізінен тәуекел топтары (медицина мамандары, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері). Сонымен қатар 60 жастан асқан және өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар жандар", - деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында.

 
Оның айтуынша, ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады.
 
Айта кетейік, кейбір вакциналар адам өмірінде бір рет қана жасалса жеткілікті, ал кейбір вакциналар белгілі бір уақыт өткенде күші қайтуы себепті қайта егіп тұру, яғни ревакциналау керек. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны