Система Orphus

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 14 жаңа жағдайы тіркелді

21.04.2022, 16:46 25271
Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 14 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 14 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 431 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 3,
 
Алматы қаласында - 6, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 0, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 1,
 
 Жамбыл облысында - 1,
 
БҚО-да - 1, 
 
Қарағанды облысында - 0, 
 
Қостанай облысында - 1, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 0, 
 
СҚО-да - 0, 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 41 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 290 945 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 сәуірге КВИ-ден 1 757 адам (826 КВИ+ және 931 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 102 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 655 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 9 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылдың 19 сәуірінде коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы тіркелді, 16 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 859, өлім - 5353, сауыққандар - 82 575. 
 
2022 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 475 840 адам, 2-ші компонентпен - 9 224 495 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны