28.04.2022, 15:58 17531

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 15 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 15 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 15 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 504 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
28 сәуірге КВИ-ден 1 654 адам (800 КВИ+ және 854 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 90 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 564 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 12 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 1 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 482 101 адам, 2-ші компонентпен - 9 239 468 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 3 913 289 адам.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны