30.05.2022, 14:18 9621

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 5 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 5 жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 745 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
28 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды. 
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
30 мамырға КВИ-ден 144 адам (87 КВИ+ және 57 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 50 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 94 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 6 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 503 996 адам, 2-ші компонентпен - 9 280 663 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 428 812 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны