08.10.2021, 20:16 216832

Қазақстанда дельфинарийлер жабылмайды

НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - Қазақстанда дельфинарийлер жабылмайды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты. 
 

Мәдени ойын-сауық мақсатында қолданылатын жануарларға қарау мәселесін реттейміз. Оған дельфин жатады. Өкілетті органдарда бұл мақсатта пайдаланылатын жануарларды ұстау тәртібін бекіту бойынша жаңа қызмет пайда болады. Жануарларды ұстау ережесінде стандаттар айқындалады. Яғни, жануарлардың табиғи қажеттілігіне орай олардың өмір сүрулері үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етілуі тиіс", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

 
Оның атап өтуінше, жануарлардың жай-күйіне қоғамдық бақылау тұрақты жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ол елімізде дельфинарийлерге мүлдем тыйым салу қарастырылып отырмағандығын айтты. 
 

Бизнеске бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік болуы үшін жағдай жасаймыз. Екінші жағынан мұндай ұйымдарда жануарлардың толыққанды өмір сүруіне дұрыс жағдай жасалуы керек", - деді Әлия Шалабекова.


Бұған дейін ҚР Экология министрлігінің бұрынғы басшысы Мағзұм Мирзағалиев ведомство «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы аясында дельфинарийлерді жабу мәселесін қарауға дайын екенін айтқан болатын. Бұл бастаманы Жан-Мишель Кусто қолдады.


 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны