19.10.2021, 18:28 31375

Қазақстанда ертеңнен бастап карантин жеңілдейді

НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың 20 қазанынан бастап енгізілетін карантиндік жеңілдіктерді атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы бірқатар шешімдер қабылдады.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын, сондай-ақ вакциналауға жататын контингенттің 70%-дан астамының қамтылуын ескере отырып, ВАК-та 2021 жылғы 20 қазаннан төмендегілерге бастап рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

- келушілер COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар және мерзімі нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған құжатты ұсынған жағдайда медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) пациенттеріне бару мүмкіндігі;

- түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғалар үшін 50%-ға дейінгі толымдылықпен іске асады, бірақ: "жасыл аймақта" 100 адамнан артық емес; "сары аймақта" 70 адамнан артық емес; "қызыл аймақта" 50 адамнан артық емес.

"ASHYQ" жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:

- "жасыл аймақта" сағат 03-00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары үшін сағат 05-00-ге дейін;

- "сары аймақта" сағат 01-00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары үшін сағат 03-00-ге дейін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны