18.11.2022, 13:54 34751

Қазақстанда халықаралық бағыттар бойынша ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді

Ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін екі сағат бұрын басталады.
Қазақстанда халықаралық бағыттар бойынша ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Астана әуежайынан шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді. Бұл туралы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" баспасөз қызметі хабарлады.
 

Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесіне және жолаушылар санына байланысты) екі сағат бұрын басталады. Бұрын тіркеу ұшудан үш сағат бұрын басталатын. Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни тіркеу 1,5 сағат бұрын басталады", - делінген ресми хабарламада.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны