30.06.2021, 23:24 16326

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе жасағысы келетіндердің саны өсуде

Қазақстан аумағында қолданылып жатқан 4 вакцина да жер шарында циркуляцияда жүрген КВИ нұсқаларына, оның ішінде "үнді" штаммына төтеп бере алады.
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Халық арасында вакциацияға деген ұмтылыс артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталған ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, қазіргі кезде халық арасында вакциацияға деген ұмтылыс артып отыр. Соңғы тәулікте 88 мыңнан астам адам бірінші компонентпен, 46 мыңнан астамы екінші компонентпен егілді. 
 

Соңғы мәлімттерге сәйкес, Қазақстан бойынша 3 335 172 адам вакцинаның бірінші дозасын алса, 2 596 000 адам 2-ші дозасын салдырды. Халық арасында сырқаттанушылық жағдайының өзекті мәселелерінің тағы бірі – стационарларға жатқызылған адамдар саны. Қазіргі кезде 596 науқастың жағдайы ауыр, оның ішінде 103-і өте ауыр жағдайда, 67-і ӨЖЖ-мен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге жүргізілген талдауға сәйкес, соңғы 7 күнде жұқпалы аурулар стационарларында жатын орындарды қамтамасыз ету 25%-тен 29% дейін артқан, реанимациялық төсек-орындар қажеттілігі 20%-тен 24% дейін өсті", - деді А.Қуатбаева. 

 
Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, індетті қайта жұқтыру қаупі науқас ауырғаннан кейін үш ай өткен соң жоғары болуына байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, ауырған науқастарға 3 айдан кейін екпе салдыру жұмыстары қолға алынды. 
 
Ол сонымен қатар Дельта штаммына қарсы вакцинаның тиімділігі туралы сұраққа жауап берді.
 

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде біз Қазақстанда қолданылып жатқан 4 вакцинаның қайсысы болмасын оның тиімілігінің бір көрсеткіші – ол ағзаға түскенде пайда болатын антиденеердің вирусты бейтараптандыруға күші болатынын айтамыз. Сондай-ақ, ол індетті жұқтыру қабілетін төмендетеді. Осыған байланысты "Спутник V" вакцинасының вирусты бейтараптандыру көрсеткішінің 2,6 есеге төмендеуіне қарамастан, оның тиімділігі жоғары болып қалады. Вакцинаның тиімділігі 92-ден 90%-ке дейін ғана кеміді. 90% өте жоғары көрсеткіштер санатына жатады", - деді Айнагүл Қуатбаева өз жауабында. 

 
Спикер Қазақстан аумағында қолданылып жатқан 4 вакцина да жер шарында циркуляцияда жүрген КВИ нұсқаларына, оның ішінде "үнді" штаммына төтеп бере алатынын атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан КВИ ауруы бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 2 016 жаңа жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны