06.04.2023, 16:33 43866

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады
Сурет: pexels.com
Денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлерінің медициналық қызметі басталғанға дейін сақтандыру шартын жасасуға міндетті

Астана. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын әзірледі.
 
Құжат 2023 жылғы 10 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
 

Медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндетке байланысты медициналық қызметкердің кәсіби жауапкершілігі және оның мүліктік мүдделері болып табылады", - делінген құжатта.

 
Жаңа ережелер бойынша, денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлері медициналық қызмет түрін жүзеге асырғанға дейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты жыл сайын жасалады.
 
Сақтандыру шарты сақтандыру төлемі түскен күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал оны бөліп - бөліп төлеген кезде - сақтандырушының банктік шотына бірінші сақтандыру жарнасы (қолма-қол төлеген кезде-төлем кассаға түскен күннен бастап).
 
Сақтандыру шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:
 
  • оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;
  • сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы сот шешім қабылдаған;
  • сақтанушының немесе сақтандырушының талабы бойынша, олар сақтандыру шартының талаптарын бұзған жағдайда.
 
Сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Тараптар сақтандыру заңнамасының талаптарын басшылыққа алады.
 
Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің және (немесе) медицина қызметкерінің пациентке өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі бойынша оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
 
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы қажет. Сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру туралы үлгі шартта көзделген сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
 
Бұған дейін Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне науқастың өлімі үшін жаза жеңілдетілетіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны