24.01.2022, 18:33 32626

Қазақстанда студенттік шәкіртақы 20%-ға өседі

Қазақстанда студенттік шәкіртақы 20%-ға өседі
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі", – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны