27.05.2022, 16:45 17316

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 8 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 8 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 8 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 723 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
25 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы анықталды.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
27 мамырға КВИ-ден 140 адам (94 КВИ+ және 46 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 50 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 90 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 501 818 адам, 2-ші компонентпен - 9 276 419 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 372 728 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны