15.03.2021, 22:26 11068

Қазақстанда жеке куәлікті "электрондық үкімет" порталында онлайн ауыстыруға болады

Алматы. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты "электрондық үкімет" порталында онлайн ауыстыруға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 

Порталда келесі құжаттарды алуға/ауыстыруға өтінім беруге болады: жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі", - делінген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Kazakhstan Today АА сұрауына берген жауабында.

 
Ведомствода қызметтерді алу тәртібі порталда орналастырылғанын атап өтті.
 

Жеке куәлікті порталда қайта шығару үшін, жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қою, өтінімге мынадай құжаттарды: фотосуретті (қызмет паспортында порталда көрсетілген фотосуретке қойылатын талап); қолтаңба үлгісін (қызмет паспортында порталда көрсетілген қолтаңбаның скан-бейнесіне қойылатын талап) қоса тіркеу қажет. Қажет болған жағдайда, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж салығын төлеңіз, төлем жүргізіңіз", - деп хабарлады министрлікте.

 
Қызмет көрсетуге өтінім сәтті берілген жағдайда жеке кабинетке өтінімді тіркеу туралы хабарлама келіп түседі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны