19.08.2022, 16:56 57696

Қазақстандық барлық мектептер келесі жылдан бастап бес күндік жұмыс форматына көшеді - Аймағамбетов

Қазақстандық барлық мектептер келесі жылдан бастап бес күндік жұмыс форматына көшеді - Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді, деп мәлімдеді бүгін тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келесі жылдан бастап (2022-2023) үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді. Біз осыған қатысты шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы керек деп есептейміз. Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады", - деп атап өтті министр.

 
Оның айтуынша, педагогтардың жалақысы мен демалыс ұзақтығы өзгеріссіз қалады.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылын ұзарту туралы қабылдаған бұйрығын жұртшылық наразылықпен қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны