26.12.2022, 11:14 11476

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста қанша күн демалады

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста қанша күн демалады
Мектеп оқушылары тоғыз күн демалады

Астана. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қысқы демалыс 2022 жылдың 31 желтоқсанынан басталып, 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Екінші тоқсан 30 желтоқсанда аяқталады. Қазақстандық оқушылар үшін қысқы демалыс тоғыз күнге созылады - 2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін.

Дүйсенбі, 9 қаңтарда оқушылар өз парталарына оралады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Жаңа жылға 1, 2, 3 қаңтарда демалады. Келесі жылы 7 қаңтарда Рождество сенбіге келеді, демалыс күндері ауыстырылмайды. Жалпы, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қаңтарда 11 күн демалады, алты күндік жұмыс аптасында 8 күн демалады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін, сондай-ақ мектептегі каникулдың ұзақтығын анықтағаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны