07.12.2022, 14:46 34406

Оқу-ағарту министрлігі мектеп каникулдарының мерзімін анықтады

Оқу-ағарту министрлігі мектеп каникулдарының мерзімін анықтады
Оқу жылы 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін созылады

Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникулдардың ұзақтығын Оқу-ағарту министрлігі анықтады. Тиісті бұйрық "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
 
Құжатқа сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйектен 31 мамырға (қоса алғанда) дейін созылады.
 
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы:
 
1 тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);
2 тоқсан - 8 апта, қысқы демалыс - 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);
3 тоқсан - 10 апта, көктемгі демалыс - 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);
4 тоқсан - 10 апта.
 
1 сыныптарда қосымша демалыс - 7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).
 
Бұл ретте білім беру ұйымдарының (пилоттық, халықаралық мектептер және басқалар) өтініші бойынша баламалы оқу мерзімі 20 тамыздан ерте емес және 3 маусымнан кешіктірілмей аяқталуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны