Сурет: pixabay.com
Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі", - делінген құжатта.
КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
- медицина қызметкерлері;
- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
- күш құрылымдарының қызметкерлері;
- педагогтар;
- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
- 50 жастан асқан адамдар.
Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 4 жағдайы тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.