26.04.2021, 20:59 6644

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі отандық QazVac вакцинасымен егілді

НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тікелей эфирде QazVac отандық вакцинасымен егілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрінің вакцинациясы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді. 
 
Препарат еліміздің барлық өңірлеріне келіп түскені хабарланды. Өңірлерге вакцинаның 50 мың дозасы жөнелтілді. Елорда мен Алматыға 6 мың доза келді.
 
 
Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Белсенді емес вакцинаның артықшылығы - бұл вакцинамен байланысқан ауруларды тудырмайды. Сонымен қатар, "QazVac" вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді, тоңазытқышта +2-8 градус температурада тасымалданады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны