18.04.2022, 18:11 11466
Қазгидрометте елордада түтіннің пайда болу себептері туралы айтылды
Сурет: 365info.kz
Достарға айту
"Қазгидромет" РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері келесі көрсеткіштердің асып кетуін атап өтеді:
1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК шегінен асып кетудің 38 жағдайы;
2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,1-2,2 ШЖК шегінен асып кетудің 76 жағдайы;
3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 7 жағдайы;
4) азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асып кетудің 30 жағдайы;
5) азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асып кетудің 53 жағдайы.
Келесі аймақтар неғұрлым ластанған: азот диоксиді бойынша № 5 бекет (Тұран даңғылы 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал ш/а), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары.
NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалды. Бұл өрттер өз кезегінде, бүгін елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін еді.
Бұған дейін Павлодар облысының саяжай қоғамдарының аумағында өрт шыққаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.06.2023, 16:24 1036
Алматыда заңсыз салынған 399 сауда нысаны бұзылады
Бүгінде 101 нысан бұзылды, қалғандары осы жылдың соңына дейін алынып тасталады
Достарға айту
Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін, жан-жағы абаттандырылмаған және тротуарлар мен жол учаскелеріне қоқыс тастайтын заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілеріне шара қабылдануда.
Ерікті сүруді жүзеге асыру үшін заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері иелерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Нысан сүрілген соң аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз объект орнатылған аумақ ретке келтіріледі, қоқыстан тазартылады. Мониторинг қорытындысы бойынша, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500 заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектісі анықталды. Бүгінде 101 нысан бұзылды, қалғандары осы жылдың соңына дейін алынып тасталады.
Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері" қабылданды, онда мұндай объектілерді орнату тәртібі нақты айқындалған. Нысандардың бей-берекет орналасуларын болдырмау үшін қазіргі уақытта "Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасын" әзірлеу аяқталуда. Сызба бекітілгеннен кейін нысандарды орнатуға болатын нақты мекенжайлар анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2023, 15:59 1206
5000 оқушы "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін демалады
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды, деп хабарлады Gov.kz.
Ауысым - "Baldauren ART - START" деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.06.2023, 17:13 3536
Елімізде алимент мөлшерi қайта қаралуы мүмкін
Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді
Достарға айту
Кейбір азаматтар алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, баласын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңге белгілейді", - деді мәселе көтерді Айдос Иманбаев.
Оның атап өтуінше, бұл мәселелерді шешу үшін балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган бастамасымен алимент мөлшерiн қайта қарау ұсынысы көтеріліп жатыр.
Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, борышкерлердің жасырын табысын, яғни такси қосымшалары, курьерлік қызметте жұмыс істейтін адамдардың табысын анықтау мәселелерін пысықтауда", - деп бөлісті Айдос Иманбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 14:29 6731
Орыстілді балабақшалар жабылмайды
Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Достарға айту
6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.
Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", - деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.
Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", - деді Ғани Бейсембаев.
2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 12:50 7086
Kaspi.kz арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу мүмкіндігі іске қосылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты. Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі өз үйінен бірге тұрмайтын адамдарды өз бетінше тіркеуден шығара алады. Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды.
Біз Kaspi.kz-те жаңа қызметтерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз. Сіз мемлекеттік мекемелерден анықтама ала аласыз, балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдей аласыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеле аласыз және басқа да көптеген мәселелерді тез шеше аласыз. Біз ІІМ, Әділет және Цифрландыру министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар үшін одан да ыңғайлы және қолжетімді ету мүмкіндігіне алғыс айтамыз", - деді Kaspi.kz басшысы және құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.
ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.
Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушы мен қызметкердің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондарға шығаруға ерекше назар аударады. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Енді азаматтар ХҚКО мен полицияға барып, кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды", - деп атап өтті ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы миллионнан астам қызмет көрсетілді", - деп хабарлады ЦДИАӨМ.
Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 10:59 7506
Панфилов ауданында 15 жасар қыз іздестірілуде
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 09:40 7886
Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі
Достарға айту
Қазгидромет 6 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Inform.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты найзағай мен жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді, батысында бұршақ, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады", - деп жазды синоптиктер.
Түркістан, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 17:15 9221
Павлодарлық зейнеткер алаяқтарға алданып қалды
Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық алаяқтардың құрығына ілінген
Достарға айту
Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 13 млн теңгесін беріп қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ескі схема бойынша алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Солардың бірі - "Сіздің ұлыңыз, қызыңыз, немесе немереңіз апатқа ұшырады немесе полицияда" деген хабарламалар. Телефон алаяқтары оңай алданатын, туысқандарының амандығы үшін бәріне дайын қарт адамдарға хабарласудан бастайды.
Мәселен, 3 маусымда түстен кейін белгісіз ер адам 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына қоңырау шалып, " Қызыңыз апатқа ұшырап, адамды қағып кетті. Қызыңыз әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешу үшін сіз ақша аударуыңыз керек" деген сылтаумен хабарласты. Алаяқтар қаражатты Руслан есімді жігіт алып кететінін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына қобалжыған дауыспен "апатқа ұшырадым, маған шұғыл түрде 20 млн теңге көлемінде ақша керек" деген қызының дауысына ұқсас әйел хабарласты. Зейнеткер қоңырау шалған адамның дауысын ажырата алмай, қызының шынымен қиын жағдайға тап болғанына сеніп қалды.
Зейнеткер жинақтары мен зейнетақысынан 13 млн теңге сомасында қаражатты жинаған. Көп ұзамай олар есікке қоңырау шалды, белгісіз адам кіріп, өзін Русланмын деп таныстырды. Ақшаны санап, алып кетті. Қазіргі уақытта белгісіз тұлғалардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысының жеке құрамы бағдарланған", - деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық осындай схема бойынша алаяқтардың "қармағына" түскен. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
08.06.2023, 12:05Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды 08.06.2023, 12:19 8291Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады08.06.2023, 12:34 8096Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында баяндама жасады08.06.2023, 15:16 5851Президент БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды08.06.2023, 11:55 5476Алтаев «Атамекен» АЭС-тің экс-төрағасы Мырзахметовтің ісіне қатысты тергелуде
02.06.2023, 10:17 33491Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді02.06.2023, 16:29 32966Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды02.06.2023, 16:08 324562023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді02.06.2023, 15:52 32391Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды02.06.2023, 16:20 3237620 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
25.05.2023, 17:37 55311ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54236Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 49471Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда15.05.2023, 16:36 48596Алматыда жануарларға қатыгездік көрсетуге қарсы митинг өтті25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47846Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды