01.06.2022, 17:57 8721

БҒМ: Қазақстанда балаларды тегін секциялар мен үйірмелермен қамту ұлғаяды

БҒМ: Қазақстанда балаларды тегін секциялар мен үйірмелермен қамту ұлғаяды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Үкімет отырысы барысында елімізде балаларды тегін секциялар мен үйірмелермен қамту ұлғайтылатынын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биыл 270 мыңнан аса бала қосымша үйірме және секциялармен қамтылады. Жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5%-ға ұлғаяды", - деді Каринова ҚР Балалар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы айта келе.

 
БҒМ деректеріне сәйкес, осыған дейін екі жыл карантин шектеулерімен демалыс ұйымдастыру толық іске асырылмаған болатын, ал биыл жазғы уақытта 3,3 млн оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш 31%-ға артады. 
 
Сондай-ақ, ол өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балалар үшін 34 мыңнан аса орындық 322 балабақша ашылатынын айтты. Онымен қоса, ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезектің бірыңғай базасын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. 
 

Жекеменшік балабақшалаларда орын алған келеңсіздіктерге жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтеміз, біліктілігі сәйкес мамандармен қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қадағалап, мемлекеттік тапсырыстың сапасын ваучерлік механизм арқылы жақсартамыз. 15 мыңнан аса тәрбиеші жаңа модель бойынша тиісті курстардан өтіп жатыр, олар тәрбиелеу сапасын жақсартады", — деді вице-министр.

 
Бұдан басқа, биыл алғаш рет 25 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады.
 

Балалар жылы бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10%-ға өсті", - деп атап өтті спикер.

 
Одан бөлек, вице-министр биыл қазақстандық олимпиадашыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 толық квота бөлінгенін айтты, оларға шілде-тамыз айларында балалар қатысады. 
 
Сонымен қатар, ол жоғары оқу орнына баратын балаларға арналған гранттардың саны 88 214-ке артқанын айтты, бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 15 мыңға артық.
 
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайылов балаларды үйірмелер мен секциялармен қамту мақсатында білім, мәдениет және спорт министрліктеріне, өңірлер әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру, спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялауды қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Бұл секциялар мен үйірмелердегі нақты жағдайды көруге, сондай-ақ олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ҚР Үкіметінің басшысы.

 
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов балаларды (4,5 млн) тегін үйірмелермен толық қамту үшін бір жылға 500 млрд теңге қажет екенін хабарлаған болатын. Бүгінгі таңда қазіргі балаларды жыл соңына дейін жеткізу үшін қосымша 50 миллиард теңге қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны