25.08.2022, 15:33 31281

Болат Назарбаевқа тиесілі жүздеген миллион долларлық жер учаскелері туралы депутат мәлімдеді

Сонымен қатар, ол 2 млн-нан астам азамат 10 сотық жер ала алмай, телміріп жүргенін атап өтті.
Болат Назарбаевқа тиесілі жүздеген миллион долларлық жер учаскелері туралы депутат мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - Болат Назарбаевтың меншігінде құны жүздеген миллион долларды құрайтын 244 гектар жер бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ерлан Саировтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Депутаттың айтуынша, Болат Назарбаев өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін, объект алған. 
 

Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады", - деді Саиров өзінің Facebook парақшасында.

 
Сонымен қатар, ол, Цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйеніп, 2 млн-нан астам азамат 10 сотық жер ала алмай, телміріп жүргенін атап өтті.
 

Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады", - деді Саиров.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны