29.05.2023, 16:27 11651

БЖЗҚ қазақстандықтарға жалған хабарламалар туралы ескертті

Қор азаматтардан тек ресми дереккөздерден алынған, сенімді ақпаратты ғана басшылыққа алуын сұрайды
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, ағымдағы жылдың келесі айының 1-ші күнінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен.

Зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа бірінші және/немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан кесте бойынша төлемдер алу мүмкіндігі көзделген.

Аталған әдістеме БЖЗҚ-дан өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайтуды көздейді.

Қордағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет (www.egov.kz) сайтында бақылауға болады.

Азаматтардан тек ресми дереккөздерден алынған, сенімді ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны