08.12.2021, 20:38 77291

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ревакцинацияның жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ревакцинацияның жаңа ережелері бекітілді
Сурет: vlast.kz
НҰР-СҰЛТАН. 8 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, КВИ-ға қарсы ревакцинацияға барлық тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары жатады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулының мәтініне сәйкес, Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
 
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
 

Бұрын КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде "Комирнати" (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады", - делінген Қаулы мәтінінде.

 
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны