18.10.2022, 14:04 12371

Дағдарыс орталықтарына жүгінгендердің шамамен 67%-ы - зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар

Көмек сұрағандардың ең көп саны – Павлодар облысында, Жетісуда, Шымкент қаласында, Алматы қаласында.
Дағдарыс орталықтарына жүгінгендердің шамамен 67%-ы - зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар
Сурет: Depositphotos
Астана. 18 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Өтініш білдіргендердің 67%-ға жуығы немесе 2 мың 661-і – зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған балалар, деп хабарлады Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
 

Егер өңірлік құрылымға қарасақ, көмек сұрағандардың ең көп саны – Павлодар облысында, Жетісуда, Шымкент қаласында, Алматы қаласында. Жоғары деңгей Астана қаласында, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында да байқалады", - деді Тамара Дүйсенова.

 
Т. Дүйсенованың айтуынша, жалпы осы саладағы тәуекелдер мынадай 3 негіздік себептердің бар екендігін айқындап отыр: оның бірі – мұндай топтармен посфактум жұмыс істеу тәсілінде болып тұр; екіншісі – Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарын қоспағанда, өңірлерде дағдарыс орталықтарының желісі дамымағандығында. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша тұрақты үштіктегі жетекші өңір Шығыс Қазақстан облысында бір ғана орталық жұмыс істейді. Ол Өскемен қаласында орналасқан тек 12 төсек-орынға арналған орталық; үшіншісі – аталған орталықтардың қашықтығында, бұл сәйкесінше зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігінің оларға деген қол жетімсіздігіне алып келіп отыр.
 
Премьер-Министр тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін кешенді түрде шешу қажеттігін айтты. Бұл орайда барлық қадамдар мен жаңа тәсілдерді, әсіресе, заңнамалық сипаттағы шараларды алдымен қоғамның талқысына салу қажет. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың бірыңғай ұстанымы қажет.
 
Сонымен қатар Премьер-Министр өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық науқан жүргізу қажеттігін атап өтті.
 

Оқу-ағарту министрлігі балалардың бойына отбасына құрмет және үйдегі тәртіп ережелерін сіңіру үшін "мектеп сағатын" ойластыруы тиіс", - деді Үкімет басшысы.

 
Одан бөлек, Үкімет басшысының айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс және уақытша бейімдеу орталықтарын, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық мекемелер желісін кеңейту шараларын қабылдау қажет.
 
Сондай-ақ Премьер-Министр мемлекеттің көмегіне мұқтаж, тұрмысы нашар отбасыларды медициналық-әлеуметтік есепке алудың үлгілік қағидаларын әзірлеуді тапсырды.
 

Әкімдіктермен бірге тәуекел тобындағы отбасыларды анықтап, олармен арнайы профилактикалық жұмыс жүргізу үшін Отбасының цифрлық картасының деректерін талдау қажет", - деді Ә. Смайылов.

 
Қорытындылай келе, Үкімет басшысы мәжбүрлеп емдеуге жіберу рәсімдерін жеңілдетуді, халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқық бұзушыларға психологиялық терапия шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер әзірлеу аясында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
 
Естеріңізге сала кетейік, желіде ананың баланы ұрып-соғуы туралы видео тарады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны