28.07.2021, 19:49 14515

Денсаулық сақтау министрлігі: бірқатар өңірлердегі ковидтік стационарларда орын толық

НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ОКҚ брифингінде бірқатар өңірлерде ковидтік стационарлар толып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істеуде. Өткен жылы сырқаттанушылық тәулігіне 2 мың адамға дейінгіні құраған болса, ағымдағы жылдың шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі 3 еседен астамды құрап отыр. Емделіп жатқан пациенттердің саны да 2 есеге артты", - деді А.Цой. 

 
Бүгінгі күні еліміз бойынша 90 мыңға жуық адам науқас, оның 25 мыңға жуығы стационарларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық ем алуда. 
 

Шілде айының басымен салыстырғанда ауыр науқастардың саны 2,1 есе өсті, 1000-ға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Министрдің айтуынша, бірқатар өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы орын алуы мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және бірқатар облыстар бар: Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда", - деді министр.

 
Ол бірқатар өңірлердің денсаулық сақтау жүйесі жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бүгінгі күні бірқатар өңірлердегі ковидтік стационарларда орын толық, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне алып келеді.
 

Бұл халықтың медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуінің төмендеуіне де алып келуі мүмкін және өлімнің, сырқаттанушылықтың өсуіне және инфекцияның одан әрі таралуына алып келеді", - деп хабарлады А.Цой.

 
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, ҚР бойынша жалпы сырқаттанушылық пен өлімнің 65%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркелген. Осыған байланысты 27 шілдеде Ведомствоаралық комиссияның шешімімен аталған өңірлерде 2 тамыздан бастап күшіне енетін қосымша шектеу шаралары бекітілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны