31.12.2021, 17:30 49741

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы күреске қатысқан дәрігерлерге қосымша төлемдерді бекітті

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы күреске қатысқан дәрігерлерге қосымша төлемдерді бекітті
Сурет: svidok.info
НҰР-СҰЛТАН. 31 ЖЕЛТОҚСАН - Үкімет медицина қызметкерлеріне COVID-19-бен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралардағы жұмыстар үшін қосымша ақы төленуін қарастыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
 
- Үстемеақы қауіп деңгейі жоғары болған жағдайда белгіленеді. Сондықтан жансақтау бөлімдері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационардағы дәрігерлер, орта және кіші қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
 
- Ал орташа қауіп деңгейі зертхана қызметкерлерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласының мамандарын, зертхана мамандары мен лаборанттарды қамтиды.
 
- Сонымен қатар төменгі қауіп жағдайында да үстемеақы қарастырылды. Бұл норма провизорлық стационардағы дәрігерлерге, орта және кіші медициналық қызметкерлерге; орталық атқарушы органдардың әскери-медициналық бөлімшелеріндегі дәрігерлерге, орта және кіші медициналық қызметкерлерге қатысты. Сондай-ақ жедел медициналық жәрдемдегі дәрігерлерге, фельдшерлер мен жүргізушілерге, шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелеріндегі қызметкерлері де тізімге еніп отыр.
 
Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 14 миллиард теңге (32,4 миллион доллардан астам) көлемінде қосымша қаражат бөлінді.
 
Бұл ретте дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел медициналық жәрдем жүргізушілеріне қосымша ақы төлеу коронавирус инфекциясының диагнозы расталған науқас (науқастар) үшін бір және одан да көп шақыру болған жағдайда нақты жұмыс істеген ауысымы үшін жүргізіледі.
 
2021 жылдың 1 қазанына дейін төленген алдыңғы үстеме ақылар уақытша төлем болғанын, ал жаңа қосымша ақы қызметкер жалақысының негізгі бөлігіне кіріктірілгенін және тұрақты сипаттағы төлем болатынын атап өту керек.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны