17.02.2023, 17:23 47091

Елена Рыбакина Астанада қаңғыбас жануарларға көмектесті

Елена Рыбакина Астанада қаңғыбас жануарларға көмектесті
Сурет: ktf.kz
Еріктілер он тонна макарон сатып алды

Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаржылай көмектесті.
 

Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз", - деп жазылған "СтопОтлов" волонтерлік қозғалысының Instagram парақшасында.

 
Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Сондай-ақ, теннисшіні қаңғыбас иттер орталығына шақырады.
 
Ал, спортшының қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны