26.04.2021, 21:29 7378

Елорданың жеке секторында көлік қозғалысының жылдамдығын 40 сағ/шақ дейін шектеу жоспарлануда

Әңгіме Ильинка, Үркер, Көктал, Агрогородок, Железнодорожный, Пригородный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино тұрғын алаптары туралы болып отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Елорданың тұрғын үй алаптарының жеке секторында көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы 40 сағ/шақ дейін шектеу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты төмендету мақсатында Полиция департаменті елорданың жеке секторының негізгі жолдарында ең жоғары жылдамдықты 40 сағ/шақ дейін шектеу туралы мәселені қарастыруда", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

 
Әңгіме Ильинка, Үркер, Көктал, Агрогородок, Железнодорожный, Пригородный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино тұрғын алаптары туралы болып отыр.
 

Сондай – ақ, тәжірибелік нұсқада жаяу жүргіншілер өтпесі-пандус оларға жақындағанда көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін қолданылатын болады. Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың тиісті профилактикасын және жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде жаяу жүргіншілердің жүруіне және көлік құралдардың ең жоғары жылдамдықты арттыруға байланысты оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді полицияда.

 
Апаттылықты талдауға сәйкес, 2020 жылдың 12 айында аталған тұрғын үй алаптарында 914 ЖКО тіркелген, оның ішінде 900-ден астам адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны