28.04.2023, 11:27 34856

Энергетика, отын, коммуналды қызметтер, байланыс: баға не себепті тоқтаусыз өсіп жатыр?

Энергетика, отын, коммуналды қызметтер, байланыс: баға не себепті тоқтаусыз өсіп жатыр?
Сурет: ranking.kz
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бағаны шектеу жақсы идея болып көрінеді және қысқа мерзімді халықтың ақшасын үнемдейді. Алайда тәуекелдерді ескермей және салдарын есептемей, осы популистік шарамен шектелетін болсақ, ақыр соңында бәрібір қымбаттап, жағдай тіпті қауіпті болуы мүмкін. Бұл қарапайым шындықты қазақстандықтар қыстың қақаған айларында жылу электр станциялары апатты жағдайдағы қалаларда (Риддер мен Екібастұздағы жағдай бәріміздің есімізде) қатты сезінді, деп жазады Ranking.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда электр желілерінің айтарлықтай тозуы байқалады. Мәселен, энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, ҚР-да электр желілерінің орташа тозуы 66%. 2022 жылы технологиялық бұзушылықтар саны 2021 жылмен салыстырғанда 183 жағдайға өсті. Өңірлік электр желілері компанияларындағы тозудың орташа деңгейі қазірдің өзінде 90%-ға жетті. Өз кезегінде, инженерлік желілердің тозуының жоғары деңгейі апаттардың көп болуына әкеледі. Енді жылу желілерін ауқымды жөндеу және жаңғырту туралы айтылып жатыр, бұл үшін "үлкен күрделі қаржыны" қажет ететіні бірден белгілі болды (премьер-министр Смайыловтың сөзі). Тек бұл жаңалық емес.

Нәтижесінде ел "тарифті инвестицияға айырбастау" моделіне (1, 2, 3) қайта оралуда, оған сәйкес энергиямен жабдықтау саласы 2015 жылға дейін жұмыс істеді. Содан кейін шекті тарифтер электр станциялары игеруге тиіс болашақ инвестицияны есепке алды.

Қазақстанда жанармайдың шекті бағасы көтерілді. Бағаның өсуі жанармайдың толық тапшылығын болдырмау және жанармайды жаппай қайта сату үшін экспортталатын көршілес елдермен баға айырмашылығын азайту қажеттілігінен туындады. Яғни, бағаны ұстап тұруға байланысты ҚР-дан келетін жанармай жылдар бойы (1, 2), оның ішінде сұр экспорттық схемалар мен контрабанданы қоса алғанда, сыртқа кетіп, біздің МӨЗ іс жүзінде көршілерді, басқа елдердің жүк тасымалдаушыларын және контрабандашыларды қамтамасыз етті. Бағаны тежеудің орнына халықтың кірісін арттыру керек екені көптен бері айтылып келе жатқанымен, бұл тек биыл қалыптасқан қандай да бір дағдарыс емес, саладағы жүйелі мәселе.

ranking.kz

Коммуналдық желілердегі проблемалар аралас саладағы басқа проблемаларға алғышарт болады. Мәселен, Beeline Қазақстан статистикасы бойынша, ұялы байланыс саласыдағы жаппай кінараттардың 70%-ы дәл осындай апаттық электр қуатының үзілуімен байланысты. Көбіне инфрақұрылымның аянышты жағдайы базалық станцияны уақытында іске қосуға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, телекоммуникация секторы коммуналдық қызметтерге қарағанда инвестициялық портфелін үнемі ұлғайтып отырады. Биыл қаңтар-наурызында ақпарат және байланысқа салынған күрделі инвестиция 24,3 млрд теңгеге жетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда бірден 59,8% артық. Жалпы, 2022 жылы секторға құйылған инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 39,1% өсіп, 178,9 млрд теңге болды. Сонымен қатар, 2020 жылмен салыстырғанда, телекоммуникацияның рөлі және оған түсетін жүктеме локдаун мен пандемияға байланысты жаһандық ауқымда кеңейіп, операторлар жедел түрде инфрақұрылымға инвестициялауға мәжбүр болған кезде, 27% өсім байқалды. Ауқымды инвестиция тұрақты және жоғары жылдамдықты мобильді интернетті дамытуға бағытталған, инвестициялар негізінен 3G-ден 4G интернет желілеріне көшуге және жаңа 5G желісін салуға бағытталған. Бұл ретте операторлар секторға өз қаражатынан инвестиция салады.

Ескерту: егер коммуналдық желілер үшін (жылу, электр, сумен жабдықтау және т. б.) негізгі мәселе жүктемелердің артуы емес, олардың тозуы болса, онда ақпарат және байланыс саласында, ең алдымен, желідегі жүктеменің айтарлықтай өсу байқалады. Мәліметтер екі байланыс операторы - Beeline Қазақстан және Kcell/Activ ұсынған есептерде келтірілген. 2022 жылдың төртінші тоқсанында Beeline мобильді интернет деректер трафигінің бір пайдаланушыға шаққандағы орташа көлемі 16,8 Гб құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 19,2% көп. Kcell/Activ 2022 жылдың үшінші тоқсанында бір пайдаланушыға шаққандағы орташа трафик 13,4 Гб құрады, былтырғыдан 9% жоғары. Сонымен қатар, Қазақстанда бір пайдаланушыға шаққандағы трафикті тұтыну дүние жүзіндегі орташа тұтынудан айтарлықтай жоғары: GSMA Intelligence (әлем бойынша 95 байланыс операторы) деректері бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында бір пайдаланушыға шаққандағы трафиктің орташа көлемі 12,1 Гб құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8% артық.

ranking.kz

Телекоммуникация саласына инвестицияның ұлғаюымен саланың негізгі көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Елдегі мобильді интернеттің медиандық жылдамдығы Speedtest дерегінше, 2023 жылдың наурызында 24,9 Мбит/с құрады - 2022 жылдың наурызымен салыстырғанда бірден 32,9% жоғары.

Салыстыру үшін: көршілес Орталық Азия елдерін алсақ, Қырғызстанда мобильді интернеттің медиандық жылдамдығы 23,7 Мбит/с, Өзбекстанда - 17,8 Мбит/с, Түрікменстанда - 16,1 Мбит/с, Тәжікстанда небәрі 9,2 Мбит/с.

ranking.kz

Мобильді интернет жылдамдығының өсуі аясында байланыс операторлары 4G және 5G желілерімен көбірек аумақтарды қамту жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетерлігі, ұялы байланыс мұнараларын жаңғыртуға арналған құрал-жабдықтар шетелден сатып алынады, тиісінше, доллар бағамының өсуі саладағы күрделі шығындарға айтарлықтай әсер етіп отыр.

Бұл жанармай құнының өсуіне және қымбаттауына, сондай-ақ ұялы байланыстың тұрақты жұмысы тәуелді болатын электр энергиясы тарифтерінің өсуіне әсер етеді. Осылайша, ҚР-да көтерме сатып алушылар үшін белгіленген уақытта жаңа тарифтер енгізуді жоспарланып отыр. Байланыс сапасына тікелей әсер етпейтін баға белгілеуде көп миллиардтық айыппұл да рөл атқарады.

Сонымен қатар, соңғы тұтынушы үшін Қазақстандағы мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. BroadbandChoices.co.uk сарапшылары жүргізген Интернетке қолжетімділік индексі (Internet Accessibility Index) бойынша 2022 жылы Қазақстанда 1 Гб мобильді интернет құны орташа есеппен 80 АҚШ центін құрады, бұл елге 164 елдің арасында 8-орынға шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, зерттеу Қазақстанның Орталық Азиядағы ең озық телекоммуникация секторларының біріне ие екендігі айтылды.

Осы факторлардың барлығы - оператордың жоғары инвестициясы, желінің көлемі, ең төменгі бағадағы тұтынудың өсуі және байланыс шығындарын арттыратын жалпы инфляция - барлығы телекоммуникация секторындағы тарифтердің қажетті және сөзсіз өсетінін көрсетеді. Әйтпесе, ұялы желілердің үзіліссіз жұмыс істеуін, жылдамдық пен интернеттің тарауын күтудің қажеті жоқ, оның орнына коммуналдық желілердегі жағдайға ұқсас тағы бір проблемамен кездесеміз.

Ескерту: наурыз айының соңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін көрсету ережелерін өзгертті. Енді, 61-тармаққа сәйкес, байланыс операторы тарифтік жоспарға енгізілген қызметтердің көлеміне, сондай-ақ тарифтік жоспардың басқа шарттарына өзгерістер енгізе алмайды (толығырақ мына жерде).

Іс жүзінде пайдаланушы үшін бұл мынаны білдіреді. Байланыс қызметтерінің қымбаттауы сөзсіз болады. Бірақ бұрын операторлар тариф құнын қымбаттатқан кезде есесіне қосымша гигабайт трафик немесе тегін минуттар қосатын. Тұтыну көлемінің өскенін ескерсек, бұл шын мәнінде орынды қадам болған.

Қарапайым сөзбен айтқанда, пайдаланушы жақсартылған өнімді жаңа бағамен алар еді. Енді бұдан былай операторлар жаңа бағамен ескі қызметті ұсына бермек. Егер ережені қабылдаудағы мақсат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау болса, бұл шара жұмсақ айтқанда, өте күмәнді болып шықты.

ranking.kz

Ақпарат көзі: ranking.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны